Энергетикалық нарық қалай іс-әрекет етеді?

28.02.2017

Энергетикалық нарық қалай іс-әрекет етеді? Электр энергиясында басқа бір өнімдерде сияқты өзінің өндірушісі, тасымалдаушысы және сатушысы бар. Электр энергиясын электр станциясы өндіреді. Электр желілік компаниялар өз желілері бойынша электр энергиясын тұтынушыларға жеткізеді. Бұл тізбек біздің облысымызды мысалға алғанда осылай көрінеді.

Электр энергиясы «KEGOC» АҚ мемлекеттік компаниясына жататын жоғарғы кернеу желісінен жүріп, төмендеткіш қосалқы станцияларына жетіп, әрі қарай «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ-на дейін тасынады. «Батыс Энергоресурсы» ЖШС электр энергиясын өндірушілерден сатып алудан бастап тұтынушыларға сатуды жүзеге асырады.

жеке кабинет