Аслан мектепке барады
2017 жылдың 9 тамызында «Батыс Энергоресурсы» ЖШС қызметкерлерінің көпшілігі «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының мүшелері болып табылатындықтан, жалғызбасты ана Н.К.Ихсанованың ұлы бірінші сынып оқушысы Ихсанов Асланды (7 жас) мектепке дайындауда материалдық көмек көрсетті. Мектеп және спорт формасына, аяқ киімге арналған жиынтықтар, сонымен қатар рюкзак пен кеңсе тауарлары сатып алынды. Асланның анасы алғыс ретінде қалалық газетке жүрекжарды хат жазған.