Ұйым басшылығы

Қабыланбаев Азамат Баймұратұлы

«Батыс Энергоресурстары» ЖШС Бас директоры

2025 жылғы 2 сәуірден бастап «Батыс Энергоресурстары» ЖШС-нің Бас директоры қызметін Қабыланбаев Азамат Баймұратұлы атқарады.
2008–2011 жылдары мұнай-газ саласында бухгалтер болып жұмыс істеді.
Азамат Баймұратұлы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қаржы» мамандығы бойынша түлегі. Еңбек жолын банк секторында («Kaspi Bank» АҚ, 2010–2016 жж.) бастап, сатылым менеджерінен БҚО бойынша сыртқы сату арналары басқармасының басшысына дейінгі жолдан өтті.
 2017 жылдан бастап «Батыс Энергоресурстары» ЖШС-де «Бірыңғай төлем құжаты» секілді маңызды стратегиялық жобаларды табысты басқарды. Бас директор лауазымында Азамат Баймұратұлы Батыс Қазақстан облысының коммуналдық саласын цифрлық трансформациялау бағытын үйлестіреді.

Липатова Ирина Валерьевна

«Батыс Энергоресурсы» ЖШС Бас бухгалтері

Липатова Ирина Валерьевна, 1970 жылы туған, жоғары білімді. 1988 жылы Орал құрылыс техникумын «Бухгалтер» мамандығы бойынша, 2007 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1988 жылы РУ-170/2 мекемесінде есепші болып бастаған. Әр жылдары түрлі сала ұйымдарында бухгалтер, оператор-ассистент, қаржы менеджері қызметтерін атқарған, соның ішінде «Кока-Кола Алматы Боттлерс» ААҚ БК Орал филиалында, «ИКД» ЖШС-де, «Жайықтранс» ЖШС-де жұмыс істеген.

2003 жылдан 2011 жылға дейін «Жайықтранс» ЖШС-де бухгалтер және жетекші бухгалтер қызметтерін атқарды. 2011 жылдың қараша айынан бастап «Батыс Энергоресурсы» ЖШС бас бухгалтерінің орынбасары қызметін атқарған.

2018 жылғы 01 қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-нің Бас бухгалтері.

2023 жылы «ҚЭҚ Құрметті энергетигі» атағымен, сондай-ақ II және III дәрежелі «Конденсат» естелік белгісімен марапатталған.

жеке кабинет