«Батыс Энергоресурсы» ЖШС электр энергиясын тұтынушысына

01.09.2017

«Батыс Энергоресурсы» ЖШС тұтынушылардың назарына 2017 жылғы 11 шілдеде № 89-VI «Электр энергетикасы туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес тәулік зоналары бойынша электр энергиясына сараланған тарифтерін қолдану алынып тасталғанын хабарлайды.

Осыған байланысты, «Батыс Энергоресурсы» ЖШС 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап тәулік зоналары бойынша электр энергиясына сараланған тарифтерін қолдануды тоқтатады. Тұрмыстық тұтынушылардан басқа барлық тұтынушылар үшін электр энергиясын есептеу орта тариф бойынша жүргізілетін болады. Тұрмыстық тұтынушыларға электр энергиясын есептеу тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтерге сәйкес жүргізіледі.

Тәулік зоналары бойынша электр энергиясына сараланған тарифтерді қолданып, есеп жүргізген электр энергиясының тұрмыстық тұтынушылары тұрғылықты адамдар саны туралы мәліметті (мекен-жай анықтамасы) Есқалиев көш., 179 мекен жайы бойынша 2017 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұсыну қажет.

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефондар бойынша хабарласуды өтінеміз:

Орал қаласының тұрмыстық тұтынушылары үшін 98-16-35, 98-16-36, 98-16-16 (120,121).

Облыстың тұрмыстық тұтынушылары үшін 98-16-17, 98-16-16 қос. 137

Тұрмыстық тұтынушыларды қоспағанда, басқа тұтынушылар үшін 98-16-32, 98-16-21

жеке кабинет