Жария тыңдау өткізгені туралы хабарлама

18.08.2021

Құрметті электр энергиясын тұтынушылар!

2021 жылғы 17 тамызда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті «Батыс Энергоресурсы» ЖШС электр энергиясын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының алдағы уақытта өсетіні туралы хабарлама бойынша Жария тыңдау өткізгенін хабарлаймыз.

Облыстағы карантиндік режимді ескере отырып, "COVID-19" короновирустық инфекциясын таратпау мақсатында Жария тыңдау "ZOOM" қосымшасындағы конференция арқылы онлайн режимінде өтті.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі мен қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын басшылыққа ала отырып, «Батыс Энергоресурсы» ЖШС 2021 жылғы 28 шілдеде уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне тұтынушылар үшін электр энергиясын өткізудің шекті бағасын арттыру туралы ақпарат берді. Орташа өткізу тарифін 1 кВт*сағат үшін ҚҚС-пен 21,18-ден 23,93 теңгеге дейін (13% - ға ұлғайту) арттыру жоспарлануда.

Электр энергиясын сату бағасының өсуінің негізгі себептері:

  • КПО б.в.-дан әлеуметтік төмен баға бойынша электр энергиясын өндіру көлемінің төмендеуі.

ҚПО б.в. ұсынған ақпарат бойынша ағымдағы 2021 жылы және 2022 жылы облыс тұрғындары үшін электр энергиясын жіберу көлемі өткен жылдар деңгейіне дейін ұлғаймайды. Бұған дейін 2019-20 жылдары КПО б.в. электр энергиясын жеткізу орта есеппен облыс тұрғындарының электр энергиясына қажеттілігінің 40%-ын құрады, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш шамамен 20%-ды құрайды. Мұндай жағдайда «Батыс Энергоресурсы» ЖШС басқа энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын үш есе қымбат бағамен сатып алуға мәжбүр. Бұл жағдайда облыстың электр энергиясын сатып алу бойынша шығындары айтарлықтай өсті, бұл тарифтің өсуіне тиісінше әсер етеді.

  • Электр энергиясын өндірушілердің тарифтерін орта есеппен 7,6% - ға ұлғайтуы. 2021 жылдың 01 шілдесінен бастап ҚР Энергетика министрлігінің 24.06.2021 ж. №211 "Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" бұйрығына сәйкес электр энергиясына жаңа шекті тарифтер бекітілді. 30.04.2021 жылғы № 158 бұйрыққа сәйкес ҚР Энергетика министрлігінің "Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізілді, 2021 жылғы 01 шілдеден бастап жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға "өтпелі" үстемеақы тетігін енгізу көзделген. Осылайша, 1 шілдеден бастап тариф электр энергиясына шекті тарифтен және ЖЭК пайдалануды қолдауға үстемеақыдан құралады.

01.07.2021 ж. бастап энергия өндіруші ұйымдар тарифтерінің өзгеруі туралы ақпарат

 https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023204#z7

жеке кабинет