Мемлекеттік сатып алу порталындағы электрмен жабдықтау туралы келісімшартына жасасқан ұйымдар назарына!
27.07.2017
Қазақстан Респубикасының Қаржы Министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы №384 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» бұйрығына электр энергиясын жеткізуші тарапынан тауардың қабылдау-жіберу актілерін рәсімдеуді алып тастау бойынша өзгерістер мен қосымшалар енгізілді.
426 тармақ Ережелерді келесі редакцияда баяндау:
- 426. Мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартты орындау келесі кезекте жүзеге асырылады:
- Тауарды тағайындалған жерге жөнелтпе құжаттың түпнұсқасымен жеткізу.
- Тауардың жеткізілуін растайтын қабылдау-жіберу актісін жөнелтпе құжаттың электронды көшірмесімен веб-портал арқылы рәсімдеу
- Тауарды тапсырыс берушінің қабылдауы
- Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Реестрінде №10423 (әрі қарай – электронды түрде шығарылатын шот-фактуралардың құжат айналымы Ережесі) тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2015 жылдың 9 ақпандағы №77 бұйрығымен бекітілген, электронды түрде шығарылатын, шот-фактуралардың құжат айналымы Ережесіне сәйкес электронды шот-фактураның ақпараттық жүйесі арқылы қойылған электронды шот-фактураны рәсімдеу,
- Жеткізілген тауар үшін тапсырыс берушіден төлемақы
Осы тармақтың 1 және 2 тармақшалары электр және жылу энергиясын жеткізумен байланысты мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарттарға таралмайды.
Хабарландыру 2017 жылы 27 шілдеде ҚР мемлекеттік сатып алу Порталының бас парақшасындағы «Жаңалықтар» бөлімінде жарияланды.