Орал қаласында бадминтоннан «CONDENSATE Kazakhstan International Challenge» халықаралық турнирі өтеді

09.02.2024

2024 жылғы 2-6 сәуір аралығында Орал қаласында бадминтоннан «CONDENSATE

Kazakhstan International Challenge» халықаралық турнирі өтеді. Ұйымдастырушылардың

айтуынша, бұл спорттық шараға әлемнің 30-дан астам елінен келген, соның ішінде

қазақстандық спортшылар қатысады.

«International Challenge» деңгейіндегі халықаралық бадминтон турнирлері - халықаралық

бадминтон Федерациясының (BWF) қолдауымен өтетін беделді континенттік

жарыстардың бірі және 2015, 2018 және 2019 жылдары Орал қаласында өткен

«International Series» халықаралық турнирлерінің қатарынан жоғары тұр.

Осы турнирде үздік бадминтоншы спортшылар алған рейтингтік ұпайлар 2024 жылы

Парижде (Франция) өтетін 33-ші Олимпиада ойындарына қатысу үшін олимпиадалық

лицензия алуға мүмкіндік береді.

Турнирді халықаралық бадминтон Федерациясы (BWF), ҚР Мәдениет және спорт

министрлігі, ҚР Ұлттық бадминтон Федерациясы, БҚО дене шынықтыру және спорт

басқармасы және БҚО Бадминтон федерациясы ұйымдастырады.

Халықаралық турнирді ұйымдастырушылар барлық спорт жанкүйерлерін, бадминтон

әуесқойларын әлемнің әйгілі спортшыларының ұмытылмас көрінісі мен ойындарын

тамашалауға шақырады, бұл өз спорттық дағдыларын дамытуға жақсы ынталандыру

болуы мүмкін.

Турнир Бадминтон орталығының спорт залында, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 175

мекенжайы бойынша өтеді.

Бадминтон бойынша «CONDENSATE Kazakhstan International Challenge» халықаралық

турнирінің бас демеушісі – «Конденсат» компаниялар тобы.

жеке кабинет