Жария тыңдау өткізгені туралы хабарлама

16.08.2023

15 тамызда БҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Департаменті «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-нің электр энергиясы тарифінің алдағы  уақытта көтерілуі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді.

Орташа сату бағасының жобасы ҚҚС-сыз 1 кВт/сағ үшін 24,28 теңгені құрады, жоспарланған өсім 15%.

Электр энергиясының сату бағасының көтерілуінің негізгі себептері:

- Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын енгізу – теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу/сату бойынша жаңа шығындарды есепке алу.

- «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС-нің электр энергиясын беру қызметтеріне бағаның өсуі.

- «КEGOC» АҚ қызметтеріне шығындарды ұлғайтуы.

Заңнамаға сәйкес, тарифті көтеру туралы ұсынылған хабарламаны уәкілетті орган күнтізбелік 30 күн ішінде қарайды, өтініш бойынша шешім қабылдау мерзімі 25 тамызға дейін. Жаңа тарифті енгізу күні ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жоспарлануда.

жеке кабинет