Ақсай қаласының тұрғындары үшін ақпарат

Ақсай қаласының тұрғындары үшін ақпарат

 

     Ақсай қаласының тұтынушыларына «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-мен электрмен жабдықтау шартын жасасу арқылы энергиямен жабдықтаушы ұйымды ауыстыру мүмкіндігі туралы хабарлаймыз.

«Батыс Энергоресурсы» ЖШС тарифі тұрмыстық қажеттіліктер үшін электр энергиясын пайдаланатын жеке тұлғалар үшін (халық) 2023 жылғы 1 қазаннан бастап ҚҚС есебімен 24,61 теңге/кВтсағ құрайды.

Электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты бірінші деңгейдегі тариф - ҚҚС есебімен 22,95 теңге/кВтсағ.

 

Энергиямен жабдықтаушы ұйымды ауыстыру үшін:

 

1. «Батыс Энергоресурсы ЖШС-не шартты акцептеу туралы өтініш жазу (өтінішті жүктеу).

2. Тіркелген тұлғалардың саны туралы мәліметтерді ұсына отырып, электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты сараланған тарифтерді қолдануға өтініштер (үлгіні жүктеу).

3. Бұрынғы энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеу.


Толтырылған өтініш үлгілерін жібере аласыз:

- 8 771 085 55 68 WhatsApp нөмірі бойынша

- эл.мекен-жайы ber-aksai@mail.ru


Анықтама телефоны: 8(71133)22-413, 8(71133)52-594.

 

Жеке тұлғаларға арналған тарифтер:

 

Тұтынушы есептеу түрлерінің бірін таңдауға құқылы:

электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты сараланған тарифтер бойынша (ҚҚС есебімен 22,95 теңге/кВтсағ);

дифференциациясыз тариф бойынша (ҚҚС есебімен 24,61 теңге/кВтсағ).

    Тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтер бойынша электр энергиясы үшін төлем тұрақты тұратын тұтынушылардың санын ескере отырып айқындалады, оларды айқындау үшін тіркелген тұлғалардың саны туралы мәліметтер беру қажет.

   Тұтынушылардың топтары бойынша электр энергиясына тарифтер тұтыну көлеміне байланысты үш деңгейге ие, оларды қолдану тұтыну мөлшеріне байланысты:


Атауы

Электр энергиясын тұтыну мөлшері, бір адамға, кВт.сағ

Тариф, ҚҚС-пен теңге

бірінші деңгейдегі тариф

70-ке дейін

22,95

екінші деңгейдегі тариф

70-тен 120-ға дейін

29,52

үшінші деңгейдегі тариф

120-дан жоғары

36,92

 

     Тұтыну көлеміне байланысты тұтынушылар топтары бойынша электр энергиясына сату бағасының көрсеткіші

 

 

 

 *Ескертпе: тариф дифференциациясыз қолданылған кезде тіркелген адамдардың саны туралы мәліметтер берілмейді.

жеке кабинет